Сейсенбі, 05 Сәуір 2016   |   703 рет оқылды

Сәһу сәждесі қай жағдайларда жасалады?

Сәһу сәждесі (қателік сәждесі) намазда кеткен кейбір қателіктер мен кемшіліктерді түзету мақсатында намаз соңында орындалатын әрекет. Бұл – уәжіп[1]. Өйткені, Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Кім де кім намазда күмәнданса сәлем беріп, екі сәжде жасасын», - дейді. Тағы бір хадисінде:«Намаздағы қателіктерге, сәлемнен кейін екі сәжде бар»[2], - деген.  

Бұл сәждені жасайтын адам соңғы отырыста « әттахиятты» оқығаннан соң оң жағына бір рет сәлем беріп[2], қайта «Аллаһу әкбәр» деп, екі рет сәждеге барыды да, қайта отырады. Өйткені хадисте: «Әр сәһу сәждеде – сәлемнен кейін екі сәжде жасалады»,[3] - делінген.

Сәһу сәждесі жасалатын қателіктер төмендегідей:
1.Намаздың уәжіптерін ұмытып орындамаса (парыздарын ұмытса намаз бұзылады). Мысалы, фатиханы ұмытып оқымау, екінші отырысқа отырмау, тәшәһһуд дұғасын оқымау, құнут дұғасын оқымау т.б.; 
2.Намаздың парыздарын артығымен істеп қойса.Мысалы, екі сәжденің орнына үш сәжде бір рукуғтың орнына екі рукуғ жасау сияқты; 
3.Намаз ішінде дұға оқылатын жерлерде, құран оқыса. Мысалы, рукуғда, қағдада (тәшәһһуд отырысы) оқылатын дұғаның орнына құран оқып қою осыған жатады;[5]. 
4.Намаздың парызын кешіктірсе. Мысалы, төрт не үш рәкәғатты намаздардың бірінші отырысында тәшәхуттан кейін салауат, дуға оқып қойса сәһу сәжде жасау міндет.

[1] Сәмәрқанди, Тухфатуль Фуқаһа – 1/209 бет.
[2] Шүрунбүләли, «Имдадуль Фаттах». 482 бет.; Али әл-Қари, «Фатх». 1/349 бет.
[3] Әбу Дәуід - №1038; Ибн Мәжә - №1219 хадис. 
[4] Әбу Дәуід – 1039 хадис,
[5] Маусули, Ихтияр – 1/247 бет.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы