Сәрсенбі, 27 Сәуір 2016   |   785 рет оқылды

Не адал, не мықты?

Жанқұтты он жеті жасында әкесінің айтуымен Сары елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға барады. Жанқұттының жасын сұрап білгеннен кейін:
- Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? - деп сұрайды.
Сонда Жанқұтты:
- Адал болсаң, судай бол,
  Су арамды кетіреді.
  Мықты болсаң жердей бол,
  Жер жаһанды көтереді, - деген екен. Жауабына риза болған  Шабанбай би бала Жанқұттыны бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде:
  Аллаңа жағам десең, азанды бол,
  Ағайынға жағам десең, қазанды бол,
  Халқыңа жағам десең, әділ бол.
  Судай таза бол,
  Жердей берік бол,
  Өмірің ұзақ болсын,
  Сөзің халқыңа куат болсын! - деп батасын беріп аттандырған екен

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы