Сейсенбі, 10 Мамыр 2016   |   839 рет оқылды

ЖҰМАҚТА НАМАЗ ОҚЫЛАДЫ МА?

Жәннатта намаз, ораза сияқты парыз құлшылық болатындығы жайлы аят
немесе хадис жоқ. Алайда, Құран Кәрімде: «Олардың ондағы дұғалары: «Ия, Алла! Пәксің» әрі олардың ондағы амандасулары: «Сәлем» және олардың дұғаларының соңы: «Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән![1]»,- деу болады»,-деген аят Алла тағаланы пәктеп және мадақтап зікір ететіні айтылады.
Ал, хадисте: «... олардың тыныстауы ауа жұтқандай Алла тағаланы пәктеп және мадақтау[2]»,-деп адамның тыныс алуындағыдай еркіне болатындығы айтылады.
Сонымен бірге, Құран Кәрімде: «...Сендерге ол жәннатта көңілдерің көксеген нәрселер бар...[3]»,–деген аят бар. Жәннатта адамның көңілі қалаған барлық адал ләззат түрі беріледі.
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Жәннаттық бір кісі (жәннаттық жері құнарлы, суы мол егінге жайлы екенін көріп) Раббысынан егін егуге  рұқсат сұрайды, сонда: «Сен қалаған нәрсеңді алдың емес пе?!» – дейді. Әлгі адам: «Иә, бірақ мен егін еккім келеді»,–дейді. Ол дән сеуіп, егін салады (Алла тағаланың қалауымен егін өте жылдам өсе бастайды), егіні таудай болды. Сонда Алла тағала былай дейді: «Ей, адам баласы, міне ал, алайда сені ешбір нәрсе тойдыра алмайды», – деп сөзін аяқтайды пайғамбар (с.ғ.с.). Сонда сахабалармен бірге тыңдап отырған дала арабы: «Уа, Алла елшісі! Уаллаһи, бұл құрайыштық немесе ансарлық, олар егіншілер, ал біз егінші емеспіз,-дейді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күлген екен[4].
Қорыта айтқанда, жәннатта адам баласының көңілі қалағаны беріледі.  



[1] Юнус сүресі, 10-аят
[2] Муслим
[3] Фуссиләт сүресі, 31-аят
[4] Бұхари

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы