Жұма, 13 Мамыр 2016   |   915 рет оқылды

Дәрет қалай алынады?

Дәрет сындырған кісі дәрет қалдықтарын тас, кесек немесе тазалық қағаздарымен құрғатады. Себебі, дәрет алып болғаннан кейін іркілген бір тамшы зәрдің шығуы дәретті бұзады. Бұл фықһта «истибра» деп аталады. Ис­тиб­ра дә­рет ал­май тұрып бірер қадам жү­ру, жө­те­лу ар­қы­лы жа­са­ла­ды.

Бірде Алла Елшісі (с.ғ.с.) екі қабірдің қасынан өтіп бара жатып, қатты егіліп жылайды. Қасындағылар не үшін жылағанын сұрғанда: «Олар азап ше­гу­де. Аза­бы үл­кен бір күнә үшін емес. Біреуі кіші дә­рет сын­дыр­ған­нан кейін ис­тиб­ра жа­са­май­тын, екіншісі адамдардың арасында өсек таситын…»[1] деп истибраға селқос қарау қабір азабына себеп болатынын айтқан.

Ханафи мәзһабы бойынша, үлкен дәрет сындырған кісінің астын сумен жууы – сүннет. Егер сындырған үлкен дәреті сұйық болып, дәрет шыққан жердің айналасына жайылған жағдайда сумен жууы – уәжіп. Ал тек кіші дәрет сындырған адамның истибра жасағаннан кейін астын сумен жууы – мүстахаб [2].

Бір хадисте:«Истинжа (истибра) жасағанда, тезек пен сүйекті қолданбаңдар, бұлар – бауырларың жындардың азығы» [3] деген. Яғни, жындардың азығымен дәрет құрғату олардың адамзатқа дұшпандық жасауына себеп болады.

[1] Бу­ха­ри, Уду, 218-хадис.
[2] Молла Әли Қари, Фәтхү бабил ғинәя фи шархи китәбин ниқая, 1-том, 154-155 бет.
[3] Мүслим, Таһара, 263-хадис. 


   Абдусамад Оқан

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы