Жұма, 13 Мамыр 2016   |   608 рет оқылды

Діннен бейхабар адам Алланы танып, иман етпегені үшін қияметте сұрала ма?

Бүкіл жаратылыс – шексіз құдірет иесі бір Алла тағаланы танытып тұрған дәлел. Қасиетті Құранда: «Ой жүгіртпейсіңдер ме?» деп көп қайталанады. Яғни, адам өзіне берілген ақыл, ой-санасымен жаратылысқа назар аударып, Жаратушысының құдіреті алдында бас иіп, иман етуге міндетті. Дана халқымыз да «Ақылды адам ақымақтан да бір нәрсе үйренеді» демекші, іздеген Иесін табары хақ.

Имам Матуриди қасиетті Құранда: «Біз алдын-ала (ескертуші) пайғамбар жіберместен (күнәға батқаны үшін ешкімді және ешбір қауымды) азаптамаймыз» («Исра» сүресі, 15-аят) деуі, пайғамбар жіберілмеген қауым қияметте сұралмайды дегендік емес. Өйткені, адамға берілген ақыл жалғыз Жаратушыны тануға жеткілікті дәлел. Болмаса, пайғамбар қауымын дінге шақырған уақытта халқы: «Кімсіңдер? Сендерді кім жіберді?» – деп айтар еді. Олай қарсылық білдірген жоқ. Пайғамбар – Алланың елшісі екені белгілі. Ал Құранда: «Пайғамбарларды қуандырушы, ескертуші етіп жібердік.Елшілер жіберілген соң адамдардың Аллаға қарсы бір айғағы болмайды» («Нисә» сүресі, 165-аят) делінген. Ал адам – жаратылысқа мән беру арқылы ақылымен Алла тағалаға иман етуге бұйырылған. Ақыл берілген соң олардың Алла тағаланы жоқ деп қарсылық танытуға айғағы болмайды деп түсіндіреді[1]

[1] Бәкір Топалұғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-Матуриди, «Дәрул мизан» баспасы, Ыстанбул. – 2005. 3-том, 142 б; 1-том, 528 б.


Абдусамад Оқан

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы