Сәрсенбі, 25 Мамыр 2016   |   1368 рет оқылды

КҮНДЕЛІКТІ ҚАНДАЙ ДҰҒА ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕСІЗ?

Әрине, күнделікті оқылатын аят және дұғалар өте көп. Оларды бөліп-жаруға болмайды. Дегенмен, тілге жеңілірек һәм мағынасы ауқымды қысша дұғалардың бірін ұсынамыз. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім: «Лә иләһә иллә Аллаһу, уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуә ъәлә кулли шәйин Қодир»,-деп күніне жүз рет айтса, он құлды азат еткенмен тең болады. Және де оған жүз сауап жазылып, жүз жамандығы өшіріледі. Және (дұғасы) сол күні кеш батқанша шайтаннан қорған болмақ. Ешкім бұдан абзал сөз айта алмайды. Тек одан көбірек айтқан адам болмаса[1]»,-деген.

Дұғаның мағынасы: «Алладан басқа Тәңір жоқ. Ол Жалғыз және Оның серігі жоқ. Барлық иелік Онікі және барлық мақтау Оған тән. Әрі Ол барлық нәрсеге Құдіретті».

Бұл ең оңай орындалатын сүннет. Сонымен бірге, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл сөздердің ең абзалы деген. Абдулла бин Амр бин Ас (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Мен және менен алдыңғы пайғамбарлар айтқан ең жақсы сөз: «Лә иләһә иллә Аллаһу, уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуә ъәлә кулли шәйин Қодир[2]»,-делінген.
Расында да, бұл дұға оқушының иманын күшейтеді. Ал, адам иманын қуаттайтын сөз ең жақсы сөз болары анық.

Бұл, дұғаны, хадисте айтылғандай, күнделікті 100 рет айтуға шамамен 10 минут уақыт қана жұмсалады. Бұл сөздерді қоғамдық көліктен тұрып, көшеде жүріп бара жатып-ақ, тіпті, шаруаңызбен айналысып жүріп те айтуға болады.

[1] Бұхари, Муслим
[2] Тирмизи

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы