Жексенбі, 12 Маусым 2016   |   721 рет оқылды

«Әт-тахиятта» саусақты көтеруге бола ма?

«Әт-тахият» дұғасын оқығанда, кәлима шаһадатты айтқанда сұқ саусақты «Әшһаду әл-лә илаһа иллалаһ» деген сөздің «Ләә иләһә» деген жерінде көтеріп, «иллаллаһ» деп қайта түсірілуі – сүннет. Сұқ саусақ көтерілгенде, қалған саусақтар бүгіледі. Бұл – Алладан басқа құдай жоқ деген сөзді қуаттаудың белгісі.

Ибн Омар: «Алла елшісі (с.а.с.) намазда отырғанда оң қолын тізесіне қойып, саусақтарын түгелдей жұмып, сұқсаусағын көтеретін, ал сол қолын сол тізесіне қойып ашық ұстайтын», - дейді. (Сүнән Тирмизи, 294)

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы