Дүйсенбі, 20 Маусым 2016   |   936 рет оқылды

Қыздар неше жасында тұрмыс құрғаны жөн

Әрбір адамның жаратылысы әртүрлі. Сондықтан, Ислам шариғаты қыз-жігіттердің бас құрау мәселесінде жас аралығына қарағанда, әркімнің үйленуге болған мұқтаждығын негізге алады.

Ханафи мәзһабында жастардың бас құрау мәселесінің үкімін төмендегідей бірнеше сатыға бөліп қарастырған:

Парыз болған үйлену: Үйленбесе зина жасап қоятын адам. Бұл – үйленуге хал-жағдайы келетін, отбасын асырай алатын, нәпсісін ораза ұстап тежеуге шамасы келмейтін кісінің жағдайы. Ондай адамға бас құрауы – парыз болады. Өйткені, үйленбеген жағдайда зина сынды харам істерге барып, өзіне де, қоғамға да зиянын тигізеді.

Уәжіп болған үйлену: Зина жасап қою қаупі бар адам. Бұл – үйленуге хал-жағдайы келетін, отбасын асырай алатын, нәпсісін ораза ұстап тежей алатын кісінің жағдайы. Ондай адамға бас құрауы – уәжіп болады.

Сүннет болған үйлену: Зина жасап қою қаупі болмаған, бірақ үйленуге қызығатын кісіге бас құрауы – сүннет болады.

Харам немесе макруһ болған үйлену: Үйленген соң отбасын харам табыс көзімен асырау, әйеліне зұлымдық көрсету сынды күнәлі іске баратын болса, ондай адамға үйлену – харам немесе макруһ болады[1].

Яғни, некелесудегі басты мақсат – шәһуат қалауын қандыру емес, керісінше «екі жарты қосылып бір бүтін болып», кемел қоғам қалыптастыруға ат салысу. Міне, бұл үкімдердің аясына балиғат (кәмелет) жасына толған қыз-жігіттердің барлығы кіреді. 

 



[1] Бәдайғус санайғ фи тәртибиш шарайғ лил Касани, 2-том, 483-484 бет.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы