Жексенбі, 26 Маусым 2016   |   898 рет оқылды

АЛЛА ТАҒАЛА АРШЫСЫНЫҢ КӨЛЕҢКЕСІ КІМДЕРГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Әбу Һурайра (р.а.) хадисінде: «Жеті түрлі адамға Алла тағала ешбір сая жоқ күні аршының көлеңкесінен жай береді, Олар: әділ имам (басшы), Аллаға бойұсынып өскен жігіт, мешітке жүрегі байланған кісі, бірін-бірі Алла жолында жақсы көріп, Алла разылығы үшін бас қосып, Алла разылығы үшін мәжілістерінен айырылатын екі кісі, мансапты да көрікті әйел шақырғанда: мен Алладан қорқамын деген кісі, Оң қолы бергенін сол қолы білмейтіндей жасырын садақа еткен кісі;, жалғыз қалғанда Алла тағаланы еске алып, көзінен жас алған адам »,-деп баян етілген.

1.Әділ имам. Имам сөзінің екі ұшы бар. Дүниелік және діни. Әділет бар жерде берекет бар.

2.Иманды жігіт. Ұрпақ тәрбиесі ұлт тәрбиесі. Иманды жас ата-анасының қас-қабағына қарайды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет ете біледі. Оның жүрегіндегі иманы бойындағы күш-қайратына дұрыс бағыт көрсетеді.

3.Жүрегі мешітке байланған адам. Мешіт мұсылманның құлшылық және ілім алатын ордасы. Мешіт мұсылманның қорғаны. Оны жаман ой мен ұнамсыз әрекеттерден тияды.

4.Имани достық. Адамның достығы ізгілік пен иманға негізделсе, оның жемісін бұл дүниеде және ақыретте көрмек.

5.Ойнас пен зинадан қашу. Арсыз әрекеттен аулақ болу. Арсыздық белең алған қоғам түрлі бәлелерге ұшырайды. Хадисте: «Бір елде ойнас пен өсімқорлық белең алса, олар өз бастарына Алла тағаланың ғазабын құп көргені »,-деп айтылған.

6.Қайырымдылық. Адамдардың бір-біріне қол үшын беріп жәрдемдесуі – қоғамның негізгі тіректерінің бірі. Ал, сол қайырымдылықты көзбаяушылық етпей, шынайы ықыласпен жасау адамилықтың биік көрінісі.

7.Ихсан – ниет пен амалдың керемет үйлесімі. Әрбір амал-әрекетті Алла разылығы үшін жасау. Ал, күнә істерден адамдардың сыны мен мінінен қорқып емес, Жаратқаннан қорқып тиылу. Оның ең биік көрінісі жалғыз қалғанда да зәредей күнә жасамай, Жаратушысы біліп, көріп тұр деп сену.

Аталған қасиеттердің иелену әрбір мұсылманның қолында. Бірақ, таудай талаппен қоса табандылықты қажет етеді. Бұл қасиеттердің барлығы да салауатты қоғамды қалыптастырады. Сол үшін де қиямет күні бойында осы қасиеті бар адамдар жоғары дәрежеде болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы