Дүйсенбі, 04 Шілде 2016   |   965 рет оқылды

Айт намазына шықпас бұрын орындалатын қандай "мұстахаб" амалдар бар?

Ораза айты – Рамазан бойы Алла разылығы үшін өзін ішіп, жеуден тыйған кісінің қуанышқа бөленетін күні. Ол - отыз күн бойы оразасынан кейінгі үлкен бір «ауыз ашары» іспетті. Сондықтан, оны «Ғидуль Фитр» яғни «Ауыз ашар мейрамы» деп те атаған. Бұл күн – айт намазын оқумен басталады. Айт намазына шыққан кісіге мына әрекеттерді орындау сауапты:

1. Жуыну. Имам Мәликтің «әл-Муатта» атты хадис жинағында сахаба Абдулла ибн Омардың айт күні мешітке шықпай тұрып жуынып алатындығы айтылған[1].

2. Хош иіс себініп, әдемі киім киіп шығу. Әзірет Омар базарда сатылып тұрған жібек киісті көріп Пайғамбарымызға: «Уа Алланың Елшісі! Мынаны сатып алсаңыз екен. Айт күндері сырттан келген қонақтарға әдемі боп шығар едіңіз», - дегенде Ол (с.а.у): «Бұл (жібек) киіс құдайдан үміті жоқтардың киісі»[2], - деп қабыл етпеді. Бұл хадистен байқағанымыздай, Пайғамбарымыздың заманында да айт намазына әсем киім кию үрдісі бар-тын.  

3. Айт намазға шықпай тұрып, үйінен дәм татып шығу. Бұл жайында сахаба Әнәс ибн Мәлик былай дейді:«Пайғамбарымыз айт күні бірнеше құрма жемей (мешітке) шықпайтын»[3]

4. Айт намазынан бұрын пітір садақасын беру.Өйткені Пайғамбарымыз пітір садақасын айт намазына шықпай тұрып беретін болған.

5. Айт намазына бара жатқан жолда іштей тәкбір тәшриқты айту: «Аллаху Акбар, Аллаху Акбар, ля Иляха илля-Ллах,уа-Ллаху Акбар, Аллаху Акбар уа ли-Лляхи-ль-хамд»

6. Мешітке келген кісі айт намазы оқылмай тұрып нәпіл намаз оқымайды[4]Сахаба Абдулла ибн Аббастың айтуы бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у.) айт күні тек екі ракағат айт намазын оқыған. Одан бұрын не одан кейін намаз оқымады[5].


[1] Әл-Муатта, Китабуль ъидайн – 428.
[2] Бухари, Китабуль Жиһад - 2889
[3] Сахих Бухари, Китабуль ъидайн – 953.
[4] Хидая – 1/210-211 бет; Биная – 3/99 бет.
[5] Бухари, Китабуль ъидаин – 964.

Абдусамат Қасым
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы