Сейсенбі, 05 Шілде 2016   |   720 рет оқылды

Аптаның қай күндері ораза ұстаған дұрыс?

 

 

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кейбір уақыттарда ғибадатқа ерекше мән беретін. Айша анамыздан (р.а.) жеткен бір хадисте: «Алла елшісі дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстауға ерекше мән беретін» делінген. (Тирмизи, Саум, 44; Сиям, 36; Ибн Мажә, Сиям,42). Адамдардың амалдары Алла Тағалаға осы күндерде ұсынылатындықтан Пайғамбарымыз ораза ұстауға ерекше көңіл бөлген. Усама ибн Зәйд былайша әңгімелейді: «Мен Алла елшісінің дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстағанын көріп, оның себебін сұрағанымда: «Алла Тағалаға амалдар дүйсенбі-бейсенбі күндері ұсынылады. Жаратқанға амалдарымыздың ораза ұстаған кезде ұсынылғанын қалаймын», - деп жауап берді. (Тирмизи, Саум, 44; Нәсаи, Сиям,75).

         Тағы басқа бір риуаятта дүйсенбі күнгі оразаның мән-жайы жайлы сұралғанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мен сол күні дүниеге келдім, сол күні маған пайғамбарлық міндеті берілді немесе уахи түсе бастады», - деп түсіндірген. ( Мүслим, Сиям, 197).

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы