Сенбі, 16 Шілде 2016   |   902 рет оқылды

ИМАМҒА ҰЙЫҒАН АДАМ ӨЗІ ДЕ ІШТЕЙ ҚҰРАН СҮРЕЛЕРІН ОҚЫП ТҰРУЫ КЕРЕК ПЕ?

Ханафи мәзһабы бойынша,  имамға ұйыған адам  тек қысқа дұғаларды ғана іштей оқып, Құран сүрелерін тыңдап тұрады. Күндізгі намаздарда имам Құранды іштей оқыса да, үндемей ұйып тұрады[1]. Бұған мына хадис дәлел бола алады:

عن عمران بن حصين قال: صلى بنا رسول الله – صلى الله عليه وسلم- صلاة الظهر او العصر، فقال "ايكم قرأ خلفي بسبح اسم ربك الاعلى" فقال رجل: "انا ولم ارد بها الا خيرا. قال "علمت ان بعضكم خالجنيها". رواه مسلم

Сахаба Имран бин Хусайн былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) бізге бесінде ме, жоқ, екінті де ме, имамдыққа шығып, намаз оқытты. Намаздан кейін бізге қарап: «Қайсың артымда тұрып «Сәббихисма Раббикаль әълә» дедіңдер?» – деп сұрады. Ұйюшы адамдардың бірі: «Мен едім, бірақ жаман ойым болған жоқ», – деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз: «Қайсы менімен жарысып жатыр деп ойлап қалдым»[2]– дейді өзгелердің имаммен таласып оқып тұруын дұрыс көрмей.

Сондай-ақ, сахаба Ибн Омар (р.а.): «Кімде кім намазда имамға ұйитын болса, (құран сүрелерін) имамның оқуы жеткілікті. Ал намазды өзі жеке оқитын болса, (құран сүрелерін) оқысын!»[3], – деген.

[1] Абдуль Хамид Тухмаз, Әл Фиқһуль Ханафи фи саубихиль жадид: 1-том, 271 бет
[2] Сахих Муслим – 398.
[3] Малик, Тирмизи риуаят еткен.+
Абдусамат Қасым
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікірлер  

 
0 # Ержан 2018-01-11 21:16
Ассаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
Əйел адам вахтамен жұмыс жасайды. Вахтадан келе жатқанда автобуста дəреті бұзылса не істейді. Автобус тоқтамайды суда жоқ дəрет алатын . Екінті намаздың уақыты кірді. Үйге жеткенше намаз уақыты өтіп кетеді. Тайямум соғама, жəне автобустың қай жеріне тайямум соғады.
Жауап жазу
 

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы