Сенбі, 30 Шілде 2016   |   780 рет оқылды

Дінімізде әйелдерге боянуға рұқсат етілген бе?

   Әйелдердің боянуына шариғаттың белгілі бір үкімдерін орындаған жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

      Имам-мүжтәһидтердің кезеңінде қазіргі кездегідей бояу түрлері болмады. Қыз-келіншектер қынаны, кейбір өсімдіктердің тамыры мен гүлдерін бояу ретінде пайдаланды.

      Әйел мен ер кісі өз үйінде жұбайы үшін ғана сәндене алады, оның еш әбестігі жоқ. Бірақ бөтен кісі үшін сәнденіп, бояну – харам.

      Әйелдер бір жағдайда ғана бояна алады. Ол – күйеуінің көзінше ғана. Сол үшін ғана сәнденіп, әдемілене алады. Ал бөтен ерлердің көзінше боянып жүру шариғатқа сай емес.

     Тырнақ өсіріп, оны бояу, шашын бояп, көрсетіп жүру – күнә есептеледі.

Ерлердің таза жүріп, әйелі үшін әдеміленуі – сүннет. Ал әйелдің күйеуі үшін сәнденуі – сауап іс. 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы