Сәрсенбі, 10 Тамыз 2016   |   997 рет оқылды

ЖҰМЫСТА НАМАЗ ОҚУҒА ЖАҒДАЙ ЖОҚ, НЕ ІСТЕЙІН?

Егер жұмыста мүлде намаз оқуға мүмкіншілік жоқ болса, түскі үзіліс кезінде бесін мен екінді намазын қосып оқуына болады. Ал ақшам намазын үлгерсе үйінде, яки басқа бір жақын жердегі мешітте оқығаны жөн. Ал егер оған да үлгермесе, онда құптан намазының уақытында әуелі ақшам намазының парызын одан кейін құптан намазын қосып оқиды. Әр намазға жеке қамат айтылады. Бесін мен екінті, ақшам мен құптан намаздарын қосып оқуды шариғатта «жамъус-салаһ» дейді. Біздің мәзһабта екі намазды қосып оқу тек қажылық кезінде «Арафат» пен «Мұздалифада» ғана рұқсат етілген. Бірақ университеттердегі шәкірттердің жағдайындағы кісілердің егер намазды уақытында оқу мүмкіншілігі мүлдем жоқ болса, онда намазды қаза қылмау үшін басқа мәзһабтардың жеңілдігін пайдалануға әбден болады. Ал әр намазды уақытында оқу мүмкіншілігі бар адамдар мұны қолдана алмайды. Себебі әр намазды өзіне тән арнайы уақытында оқу парыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы