Сенбі, 17 Қыркүйек 2016   |   602 рет оқылды

Қарыз өтеуші қарызын артығымен қайтарса өсім болып саналады ма?

Қарыз берген кісі мен қарыз алған адам өз араларында қарызды үстеме ақша қосып беру жайында алдын ала келіспеген болса, онда қайтарылған қарыздың үстіне сыйлық әрі алғыс ретінде берілген қосымша ақшаны алуға болады. Бұған дәлел, сахаба  Жәбір бин АбдуллаҺтың (р.а.) мына сөзі: «Ардақты Пайғамбарымызда (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) менің  алашағым бар еді. Пайғамбарымыз оны маған қайтарған кезде үстіне қосып қайтарды».[ Муслим: Мусакат]

Сондай-ақ, Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «..Сендердің араларыңдағы ең игілерің, берешегін ең әсем түрде қайтарған кісі»[ Муслим, Әбу Дауд, Тирмизи (р.а.)]-, дей отырып, әлдекім қарыз алған болса, алған қарызын қолдан келгенше уақытылы және мүмкіншілік болып жатса артығымен қайтаруға шақырған. Ал берген қарызға қосымша үстеме ақша талап етілсе, бұл - өсімге жатады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы