Сенбі, 22 Қазан 2016   |   861 рет оқылды

Ислам рецептісі бойынша жадыны қалай сақтап, жақсартуға болады?

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Жад - бұл Алланың рақымы ретінде берілген адамның ең басты қабілеттерінің бірі болып табылады. Алайда, жасы ұлғайған сайын адамның  денсаулығы сияқты оның жады да нашарлауы мүмкін. Әрине қазіргі заманғы медицина түрлі тәсілдерді  ұсынады. Бірақ Ислам осыдан он бес ғасыр бұрын бұл баға жетпес иләһи тартуды сақтауға көмектесетін негізгі жолдарды көрсетіп қойған.

Оқы!

Біздің барлығымыз білеміз, Алланың  Пайғамбарымызға (с.а.у.) ең бірінші бұйрығы мен бірінші аяты: "Оқы!" - болды. Ғибадат уақытындағы оқу мен жатқа айту адамның жадын бекітіп, оның динамикасына белсенді ықпал етеді. Оның үстіне Құранды дауыстап оқу адамның қан тамырлары мен миына жағымды әсер қалдырады.

Ой жүгірт!

Алла Тағала көптеген аяттарда адамды ой жүгіртіп, тереңнен ойлануға, өз ақыл-ойын іске қосуға шақырады. Ислам-бұл не айтса да барлығына соқыр санамен қарайтын емес, ойланатын, пікірлесетін адамдардың кемел діні. Алла Елшісі (с.а.у.) былай деген: "Тәфаккурдың (терең ойлану, ой жүгірту) бір сағаты мың жыл жасаған нәпіл ғибадаттан да артық".  Барлық жағдайда Алланың рақымын іздеуге бағытталған ой жүгіртулер, оның ұлылығын ойлау мен адамның әлсіздігін сезінуі, жалпы ойланудың барлығы да ғибадаттың бір түрі болып табылады. Мұның баршасы мидың белсенділігін арттыра түседі.  Адамның миын жақсы қалыпта ұстап, есте сақтау пайдасына тиімді ықпал етеді.

Тыйым салынғандардан  көзіңді сақта!

Бұл бұйрық тек адамды рухани тұрғыдан ғана кемелденуге емес, сонымен қатар оның еске сақтау қабілетін сақтауға жәрдемдеседі. Көрнекті ислам ғалымы, мәзхабтың негізін қалаушылардың бірі-имам Шафиғи көзді харамнан сақтау жайында: "Тыйым салынған нәрселерге көз тастау-ұмытшақтыққа себеп болады", - деп көрсеткен.

Оның үстіне тыйым салынғанға қарау-азғындыққа жол ашады. Қазіргі уақытта қоғамда белең алған СПИД сияқты көптеген жыныстық жолмен берілетін аурулар, сайып келгенде, адамның миының бұзылуына ықпал етіп, түбінде азғындық пен қорлықққа ұшыратады.

Артық тамақтанба!

Біз білетіндей, Ислам мешкейлік пен шамадан тыс артық тамақтануға шектеу қояды. Артық ас ішу мен толықтық адамның қанындағы липидтердің деңгейі мен амилоидтың жиналуына ықпал етеді, ол ақыл-ойдың кемуіне соқтырып /деменция/, адамның семіздікке ұшырауыментікелей байланысты.

Сондай-ақ, Исламда адамның жадын бұзатын алкоголь мен есірткі құралдарын қолдануға  қатаң тыйым салады.

5 пікір
  • Ләйлә
     
    Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Тамаша мақала екен! Өткенде ғаламтордан бір бейнебаян көріп, ағыл-тегіл жылап ем. Ағылшын елінде бір бойжеткен медбикенің оқуынын тәмамдап, жұмыс іздей бастайды. Содан оған бір науқас қартқа қарайтын күтушілікке өтінім түседі. Қарт кісі Альцгеймер ауруына, яғни ұмытшақтық науқасына ұшыраған екен. Жасы келген, әбден қартайған, төсек тартып жататын адам боп шығады. Бала-шағасын да, маңайындағы адамдарды ад танымайды. Бірақ, әлгі әлгі қызға бұл кісінің мұсылман екенін, кез келген тамақты жей бермейтінін, тек адал тамақ беруі тиіс екенін айтады бала-шағасы. Содан бойжеткен жұмысқа кіріседі. Байқаса, әлгі кісі тәуліктің бір сәттерінде орнынан түрегеліп, бір-біріне ұқсас жаттығулар жасай бастайды. Күбірлеп, басқа тілде бірдеңелерді айтатын болып шығады. Әлгі қыз "бұл не болды екен?" деп назар аударады. Сол жаттығулар, сол бір қимыл-әрекет күніне 5 рет қайталанатын болып шығады. Содан қызығушылығы артқан бойжеткен әлгі кісінің не айтып, не жасап жатқанын зерттейді. Сөйтсе,бір дәрігер әлгі кісінің сөзін араб тілінде айтып жатқан дұғалар екенін, орындаған жаттығуы намаз екенін түсіндіреді. Содан бойжеткеннің құмары бұрынғыдан да арта түседі. Көп ізденіп, көп оқып, мұсылман жамағатымен танысып, мешітке барады. Имамдарға басындағы оқиғаны айтып береді. "Маша Аллаһ, ол кісінің жүрегіне Құран орныққан екен" деген сөздерді естіп, күндердің бір күнінде әлгі қыз да тілін кәлимаға келтіріп, исламды қабылдайды. Дүниенің бәрін, тіпті бала-шағасын ұмытқан адам Алласын ұмытпапты. Бұл деген керемет емес пе? Сөйтіп жүріп әлгі дүниенің бәрін ұмытқанмен, Жаратушысымен байланысын ұмытпаған адам дүние салады. Әлгі бойжеткен де бір кезде өзі ренжісіп, тарап кеткен жалғыз ағасын тауып, біржола дінге бет бұрады. Көп кешікпей ағасы да исламды қабылдайды. Өзі де осы жақын бір жылдары дүниеден озса керек. Бұл болған оқиға. Мен мұны әсерлеп айта алмай отырмын. Бейнебаянның әсерлілігі сонша, көз жасым көл болған-ды. Алла бізге де Құран орныққан жүректерді, жадыны нәсіп еткей!
     Аударған: М. Бақдәулетқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы