Сенбі, 22 Қазан 2016   |   1055 рет оқылды

Басқа планеталарда өмір бар ма?

 "Басқа планеталарда аспан денелерінде өмір бар ма, жоқ па?" деген сұраққа астрономдардың көпшілігі «тіршілік болуы мүмкін», дегенді қуаттайды. Олардың тіршілігі, өмірі, жердің өмірімен ұқсас дейді. Мысалы, ғарыштық аппараттар арқылы Марстағы ауаның температурасын жердегі формаға жақын және Марста адамдарға қажетті оттегі және су бары анықталды. Бұл компоненттер (құрамды заттар) органикалық тірі мақлұқаттардың пайда болуымен өмір сүруінің қажетті шарттары болып табылады. Кеңес Одағы және Америка ғалымдары бір ауыздан Марста (Марс күн жүйесіне кіретін тоғыз планетаның бірі) тіршілік бар екендігін мақұлдайды. «Исра» сүресінің 55-ші аятында былай делінеді: «Пенденің жер мен көктегі ахуалы тек Аллаға аян».

   Атом туралы ақиқат: Атомның бөлінуі жайында қасиетті Құрандағы «Жүніс» сүресінің 61-аятында былай делінген: «Аспан мен жердегі титімдей, тіпті одан да ұсақ әйтпесе үлкен нәрселер болса да ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Оның барлығы Ләухул-Махфузда жазылған». Заттың кішкентай бөлшегі атом екені қазір адамзатқа белгілі. ХІХ ғасырдың аяғына дейін ғалымдар атом бөлінбейді деп келген. Бірақ көптеген ғылыми тәжірбиелер нәтижесінде атомның электрон, протон, нейтрон (заттың атомнан кіші элементтер қарапайым заттық бөлшектері) болып бөлінетіндігі белгілі болды. Құрандағы «Одан да ұсақ әйтпесе үлкен нәрселер болса да ешқайсысы назардан тыс қалмайды» деген сөздің атомның шексіз бөлінетіндігін көрсетеді. Қазіргі философияда «атом шексіз бөлінеді», – деп есептеледі. Атомның шексіз бөлінуі шексіздік теориясы деп аталады. Ал «Аспан мен жердегі титімдей», деген сөз тіркесі әлемнің элементарлық қарапайым бөлшектік атомдық дәрежеде бір текті екендігін, жер мен көктің бір текті екендігін көрсетеді.

  Өсімдіктердің, жан-жануарлардың, адамдардың жұп болып жаратылуы: Барлық нәрсе жұп болып, барлық нәрсе симметриялық (бір-бірімен сәйкес) болып жаратылған. Ертеден тірі табиғатта жануарлар, хайуанаттар әлемінде, өсімдіктер әлемінде, адамдарда жұптық қағида үстем болып келгені мәлім. Құранда айтылған: «Олар жерден Біздің қасиетті текті жұптарды өсіргенімізді көрмей ме». Симетрия (сәйкестік) бір өлшемдік қағидасы бойынша Құранда былай делінген: «Көкті, жерді жаратқан Аллаһ. Сендер үшін өз нәсілдеріңнен жұбайын да жаратты. Өз нәсілдерінен хайуанатты да жұп етіп жаратты» («Шура» сүресі, 11) Сондай-ақ «Зарият» сүресінің 49-аятында «Сендер ғибрат алсын деп әрнәрсені жұп етіп жараттық», делінген.

 Бақытжан Өткелбаев

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы