Сәрсенбі, 30 Қараша 2016   |   645 рет оқылды

Өлілерге тірілерден не жетеді?

Мұсылман ғалымдары тірілерден өлілерге екі нәрсе жетіп тұратындығы туралы бір шешімге келген. Ол екі нәрсе мыналар: мәйіттің тірі кезінде жасаған ізгі амалы мен басқа мұсылмандардың ол үшін жасаған дұғалары, истиғфары, садақасы, қажылық және тағы басқа да сауапты амалдары. Оған Имам Мүслімнің Сахих кітабында риуаят еткен хадисі дәлел.

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِي اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ:» إِذَا مَاتَ الإِنْسَانُ انْقَطَعَ عَمَلُهُ إِلَّا مِنْ ثَلَاثٍ: صَدَقَةٌ جَارِيَةٌ أَوْ عِلْمٌ يُنْتَفَعُ بِهِ أَوْ وَلَدٌ صَالِحٌ يَدْعُو لَهُ«.

Әбу Һурайрадан (Оған Алланың  сәлемі болсын)  риуаят етілген хадисте Алланың елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Адам өлгенде оның үш нәрсесінен – тоқтаусыз садақасы (мысалы, құдық, көпір, медресе) немесе пайда келтіретін білімі (таратқан білімі) немесе артынан дұға қылатын игі жақсы баласынан басқа барлық амалы тоқтайды», – деген.

Марқұмға пайда келтіретін екінші нәрсе – оның артынан тірілердің дұға қылуы. Алла Тағала Құран Кәрімде айтады:

﴿وَالَّذِينَ جَاؤُواْ مِن بَعْدِهِمْ يَقُولُونَ رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا وَلِإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالْإِيمَانِ وَلَا تَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلّاً لِّلَّذِينَ آمَنُوا رَبَّنَا إِنَّكَ رَؤُوفٌ رَّحِيمٌ﴾

«Олардан кейін келгендер (иман келтіргендер): «Раббымыз! Бізге және бізден бұрын иман айтқан бауырларымызға кешірім айла! Әрі біздің жүректерімізде мүміндерге қарсы зәредей жеккөрушілік жасама! Раббымыз! Расында Сен Мейірбансың һәм Ерекше Мейірімдісің», – дейді» (Хашр, 10).

Осы аятта Алла Тағала өздерінен бұрын дүниеден өтіп кеткен иман келтіргендерге истиғфар айтқан пенделерін мақтаған. Демек, өлілер тірілердің дұғаларынан пайда алады. Хадистерде айтылғандай марқұмның артынан жасалынған дұға қабыл болады.

عَنْ عُثْمَانَ بْنِ عَفَّانَ رَضِي اللهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا فَرَغَ مِنْ دَفْنِ الْمَيِّتِ وَقَفَ عَلَيْهَ فَقَالَ» : اِسْتَغْفِرُواْ لِأَخِيكُمْ وَسَلُواْ لَهُ التَّثْبِيتَ فَإِنَّهُ الآنَ يُسْأَلُ . «سُنَنُ أَبِي دَاوُدَ أَوَّلُ كِتَابِ الْجَنَائِزِ رَقْمُ الْحَدِيثِ    .3221 :

Әбу Дәуіттің Сүнән кітабында Осман ибн Аффаннан (Оған Алланың сәлемі болсын)риуаят етілген хадисте Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өлген кісіні жерлеген соң қабірдің қасында тұрып: «Бауырларың үшін Алладан истиғфар тілеңдер әрі оны беріктеуін сұраңдар. Расында ол қазір сұралып жатыр», – деген.

fatua.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы