Жұма, 13 Қаңтар 2017   |   1005 рет оқылды

Доңыз еті неліктен харам?

Исламда –доңыз еті харам, яғни жеуге тиым салынған. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Шынайы түрде сендерге өлексені (арам өлген малды) қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам етті»,-деген. (Бақара сүресі, 2/173 аят)

Доңыздың еті-нәжіс, жиіркенішті. Оның харам болуының себептері:

1.Медициналық себебі: доңыз етінде адамға зиянды вирус бар.

2. Доңыз тышқан және тышқан сияқты нәжіс нәрселерді жейді.Нәжіс нәрсе жеген кез келген хайуанның еті, ол түйе немес сиыр немес қой болсын харам.

3. Оның табиғаты қасиетсіз хайуан. Онда мейірім-рахым болмайды. Еркек торайы өз анасына шабады. Ұрғашысы өзі туған торайларын жейді. Оның еті адам мінез-құлқына әсер етеді.

4. Доңыз етінің құрамында хистамин және имидазол делінетін заттар адамның терісінде қышу тудырады, есекжем,бөртпе, дерматит сияқты тері ауруларға себеп болады. Бұған қоса, бұл заттар көп жағдайда соқырішек, өт жолдары, тамыр ауруларына себеп. Сондықтан дәрігерлер жүрегі ауыратын  адамдардың доңыз етін жемеулері  керектігін ескертуде.

5. доңыз етін жеу салдарынан адамда пайда болатын тағы бір қатерлі ауру-трихина ауруы. Трихина құрттары асқазан арқылы қанға өтеді. Сосын барлық денеге тарайды.

Ақиқатын Алла Тағала біледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы