Сенбі, 28 Қаңтар 2017   |   657 рет оқылды

НАМАЗ ОҚЫП ТҰРҒАНДА ҚАСЫНУ, НАМАЗДЫ БҰЗА МА?

Намазда көп қимыл жасаған адамның намазы бұзылады. Сондықтан да, адам әрбір рәкағатта екіден көп қимыл жасамауы керек. Егер намаз оқып тұрған адам бір рәкәғатта қатарынан үш рет қасынса, онда оның бұл әрекеті «көп қимыл» жасаған болып есептеліп, намазы бұзылады. Ал қышыған жерінен қолын алмай, тек саусақпен ғана бірнеше рет қасыса, ол бір рет қимылдаған болып есептеледі[1].

[1] М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы: Ислам ғылымхалы 178 бет. Алматы.
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы