Сенбі, 28 Қаңтар 2017   |   310 рет оқылды

ТӨРТ РӘКӘҒАТ ПАРЫЗДЫҢ ЕКІНШІ РАКАҒАТЫНДА СӘЛЕМ БЕРІП ҚОЙСА, НЕ ІСТЕЙДІ?

Егер кімде кім төрт не үш рәкәғат парыз намазында ұмытып екінші ракағатында сәлем беріп қойса, оқымаған ракағатын тұрып жалғастырып оқиды да, артынан сәһу сәждесін жасайды.[1] Басынан бастап оқудың қажеті жоқ. Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте сахаба Әбу Хурайра Пайғамбарымыздың (с.ғ.а.) күндізгі намаздардың бірінде екі рәкәғаттан кейін ұмытып сәлем беріп қойып, одан соң қалған екі рәкағатты жалғастырып оқып, соңында сәһу сәжде жасағанын айтады[2].

[1] Бахрур Раиқ – 2/196, 197 бет.
[2] Муслим – 259 бет, 573-хадис.
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы