Жұма, 17 Ақпан 2017   |   654 рет оқылды

Підия деген не? Оны кімдер береді?

Ораза – күллі мұсылманға міндеттелген бес парыздың бірі екендігі мәлім. Алайда отыз күн бойы шөл мен аштыққа кейбірінің денсаулығы жарамай жатса, бірі қартайып, жүріп тұруы мұң болған жандар. Олар «ораза тұта алмаймыз, енді не істесек болады?» деп қиналып жатады. Дінімізде підия деген ұғым бар.

       Підия – бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру. Підияның отыз күнгі құнын бір мұқтажға бірден беруге де болады. Ораза ұстауға шамасы келмегендер підия төлеу арқылы оразаның міндетінен құтылады, ақыретте сұралмайды.

       Бұл жайлы Құран Кәрімде: «Егер біреу сырқаттанып немесе сапарда жүріп санаулы күндерін өткізіп, қаза етіп алса басқа күндерде өтеулеріне болады. Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер болса бір міскіннің (бір күн) ішетін тамағын (күнде) беріп тұрсын. Ал кімде-кім белгіленген мөлшерден артық беріп қайыр жасаса, ол өзіне жақсы болады» («Бақара» сүресі, 184-аят).

       Шамасы келмегендер деп қатты науқас, кәріліктен өздігінен жүріп-тұра алмайтын адамдарды ғана айтамыз. Ал ораза ұстауға жағдай бола тұра «ораза тұтпай-ақ орнына підия төлей саламын» деу, әрине, жансақ пікір.

      Зекет кімге берілсе, підия да соларға беріледі. Егерде підия беруге  жағдайы жетпесе уәжіп емес. Өйткені дініміз міндетті шамасы жетпейтін адамға жүктемейді. Бұл турасында Құранда: «Алла тағала ешкімге шамасынан тыс міндет жүктемейді» делінген.

       Осы бір Қасиетті айда жасаған құлшылықтарыңыз бен ниет-амалдарыңыз қабыл болғай! 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы