Бейсенбі, 20 Сәуір 2017   |   411 рет оқылды

Қақпанға түскен қоянның еті адал ма?

Қақпанға не сол сияқты арнайы аң аулайтын құралдарға түскен қоянды өлмей тұрып бауыздап үлгерсеңіз, оның еті адал. Ал, сіз келем дегенше буынып не жарақат себепті өліп қалған болса, арам өлгенге есептеледі. Етін жеуге болмайды. Өйткені, біріншіден, «бисмилла» айтылмаған. Екіншіден бауыздалмаған күйі өліп отыр. Пайғамбарымыз бір сөзінде: «Сүйек пен тістен өзге (кескіш) заттармен қан ағызылып, Алланың есімі айтылған болса, етін же», - деген[1]. Бұл айтқанымыз қақпанға түскен аңға қатысты. 

Ал, оқ атып немесе арнайы үйретілген ит яки бүркіт секілді тырнақты құс салып ауланған аң сіз барам дегенше өліп қалса да оның еті адал. Аң аулауға үйретілген иттің азу тісінен, құстың тырнағынан яки мылтық не садақ оғынан жарақаттанып қансырауы - бауыздалған боп саналады.Тек, аңға итті не бүркітті салғанда яки мылтықтың шүріппесін басқанда «бисмилләһи, Аллаһу әкбар» сөзін айтуды ұмытпаған дұрыс. 


[1] Сахих Мүслім: Китабуль Азахи, 1968 хадис. Имам Нәуәуидің түсіндірмесі. 

Абдусамат Қасым
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы