Сейсенбі, 01 Тамыз 2017   |   479 рет оқылды

НАМАЗДА ЖЫЛАСА, НЕ БОЛАДЫ?

Намаз оқып жатқан кезде жыласа, намаз бұзыла ма? Бекжан
 

Намаз оқып тұрғанда жылау мәселесін қысқаша бірнеше бөлікке бөліп қарастыруға болады:

  1. Алладан қорқып немесе жұмақ-тозақты ойлағандықтан, күнәсіне тәубе етіп жыласа, намазы бұзылмайды.
  2. Басқа түскен қиындық әсерінен әріптері белгілі болатындай дауыстап жыласа, намазы бұзылады, дәреті емес. Мысалы, «ой», «ммм» т.б.
  3. Дене жарақаты себепті ауырсынып, «аһылеп, уһылеп» немесе ыңырсып дауыстап  жыласа, намазы бұзылады. (Дәрет бұзылмайды) Ал, еріксіз ыңырсып,  өз-өзін ұстай алмай ауырсынып«аһылесе», намазы бұзылмайды.
  4. Кез келген себеп әсерінен (мейлі қиындық әсерінен, сырқаты себепті, т.б) сыртқа дауысын шығармай, тек іштей  көзінен жас шығарып жыласа, намаз бұзылмайды[1].

[1]Ибн Ғабидин, Раддул Мухтар.

Абдусамат Қасым
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы