Сейсенбі, 01 Тамыз 2017   |   378 рет оқылды

ЖҰМЫСТА НАМАЗДЫҢ ТЕК ПАРЫЗЫН ҒАНА ОҚЫСАМ БОЛА МА?

Жұмыста болғанда намазымның парызын ғана оқысам бола ма? Әлде толық оқылуы шарт па? Сіздерге көп рахмет! Алия.

Әссәләмуғалейкум! Мен мектеп оқушысымын. Сабағым түсте 14.00- де басталады. Жұма намазын қалдырмаймын. Сұрағым келгені, сабаққа кешікпеу үшін мен тек парызын ғана оқып, соңғы сүннетін оқымай кетіп қаламын.Солай істеуім күнә емес пе? Еламан
 

Уағалейкумәссәлам!

Намаздың сүннеттері бекітілген сүннет екендігі сөзсіз. Бұл дегеніміз Пайғамбарымыз (с.а.у) үнемі  орындап жүрген ісі. Бірақ өзінің аты айтып тұрғандай, сүннет намаздарын оқу парыз емес. Сондықтан, қысылтаяң уақыттарда намаздың тек парызын ғана орындауға рұқсат. Мысалы, жұмыс орындарында уақыт тығыз болып жатса немесе оқу орындарында берілетін үзілістің қысқалығы себепті намазды сүннетімен қосып оқу мүмкін болмай жатса т.б. Мұндай кезде уақыты кірген намазды қазаға қалдырғаннан гөрі тек парызын уақытында оқыған дұрыс.

Алайда, тек парызын оқуды әдетке айналдырмаңыз. Мүмкіндік бар жерде уақытылы намазды сүннетімен қосып оқыңыз.

Абдусамат Қасым
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы