Жексенбі, 27 Тамыз 2017   |   434 рет оқылды

ДЕНЕДЕН ҚАН ШЫҚСА ДӘРЕТ БҰЗЫЛАДЫ ДЕГЕННІҢ ДӘЛЕЛІ БАР МА?

Ханафи мәзһабы бойынша  дәрет жолдарынан тыс, дененің басқа да жерінен аққан нәжістер дәретті бұзады [1]. Құранда «аққан қанды» нәжіс деп айтқандықтан [2],  денеден шыққан қан айналасына жайылса дәретті бұзады. Бұған мына хадис дәлел:

عن تميم الداري عن رسول الله – صلى الله عليه و سلم -  انه قال: "الوضوء من كل دم سائل"     اخرجه الدارقطني

Сахаба Тамим әд Дәри ардақты Пайғамбарымыздан (с.а.у) мына хадисті риуаят етеді: «Барлық аққан (жайылған) қаннан дәрет бұзылады» [3].

[1] Маусули, Ихтияр: 1- том, 49 бет.
[2] Әнғам сүресі – 145 аят.
[3] Дәруқұтни 1/157; әл Кәсәни, Бәдәиғ, 1-том, 228 –бет.
Абдусамат Қасым
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы