Жексенбі, 08 Қазан 2017   |   1126 рет оқылды

Нағыз зиянға ұшыраушының кім екенін білесіңдер ме?

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте:

 «Бірде Алла Елшісі (с.ғ.с.) сахабаларынан:

 Нағыз зиянға ұшыраушының кім екенін білесіңдер ме? - деп сұрағанда, олар:

 Біз зиянға ұшыраған деп қолындағы бар дүниесінен айрылған адамды айтамыз  - деді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

 Менің үмбетімнің ішіндегі зиянға ұшыраған адам - қиямет күні (дүниеде жасаған) намаз, ораза және зекет секілді ізгі амалдарға қоса анаған тіл тигізіп, мынаған жала жауып, ана біреудің мүлкіне қол сұғып, мына біреудің нақақтан қанын төгіп, енді біреуді ұрып-соғып талай күнә арқалай келген адам. Оның жиған-терген сауаптары анаған да, мынаған да үлестіріліп, мойнындағы кісі ақысы бітпестен сауаптары таусылса, ақысы кеткендердің күнәлары мойнына жүктеліп сол күйі тозаққа тасталады - деп айтты» - делінген.

 (Муслим риуаят еткен)

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы