Жексенбі, 08 Қазан 2017   |   232 рет оқылды

Ғайбат сөздің не екенін білесіңдер ме?

Әбу Һурайра (р.а.):

 «Бірде Алла Елшісі (с.ғ.с.):

 Ғайбат сөздің не екенін білесіңдер ме? - дегенде,

Сахабалар:

Алла пен Оның елшісі бізден жақсы біледі - деді.

Алла  Елшісі (с.ғ.с.):

Ғайбат - мұсылман бауырың туралы (егер естісе) оған ұнамайтын сөз айтуың - деді.

Сахабалардың бірі:

Егер айтқаным рас болып, мен сөз еткен мін, кемшілік оның бойында болса ше? - деп сұрады.

 Сонда ол:

Егер сен сөз еткен мін, кемшілік оның бойынан табылса, оны ғайбаттаған боласың.Ал егер табылмаса, жала жапқан боласың - деп айтты» - деген.

 (Муслим риуаят еткен)

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікірлер  

 
0 # Жансая 2017-11-18 10:20
Сиздерге сурак кояйын деп ем:Егер алуметтик желиге кирсек харам ба?/озим сурет коймаймын.озге достарым мен бауырларымнын суретин карау ушин/
Жауап жазу
 

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы