Дүйсенбі, 28 Наурыз 2016   |   494 рет оқылды

«АЗАН АЙТУДАН» САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ

Ислам дінінде азанның алар орны ерекше екені белгілі.  Азан  - ислам дінінің бес парызының бірі - намазға шақыруды білдіреді.  Осы намазға шақыруды білдіретін «Азан айту» бойынша мешіт шәкірттері арасында жыл сайын сайыстар тұрақты ұйымдастырылып келеді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен биыл да қалалық мешіттерде шәкірттер арасында «Азан айтудан»  сайыстар  ұйымдастырылды.

Қалалық «Айтбай» мешіті мен «Нұр» мешітінде өткізілген сайыстарға барлығы 25-ке жуық шәкірттер қатысты.

Намазға шақыру үшін айтылатын  - азанның маңызы зор болғандықтан, азаншыға қойылған  талаптар - даусының зор болуы, азан дұғасын жатқа біліп, сауатты айтуы назарға алынды.

Нәтижесінде үздік деп танылған шәкірттер мешіт тарапынан арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы