Сәрсенбі, 30 Наурыз 2016   |   496 рет оқылды

ҚАЛА МОЛДАЛАРЫ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУДЕ

Ислам дінінің өркен жаюына еңбек ететін имамдар мен молдалардың сауатты болуы, діни, саяси сауаттылығына бүгінгі таңда жіті көңіл бөлінуде. Осы орайда  ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес республиканың барлық аймақтарында имамдар мен молдалардың білімін жетілдіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен өңірімізде қала имамдары арнайы білімін жетілдіру семинарынан өтті. Ендігі кезекте қала молдалары бір апталық арнайы семинардан өтуде.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ұйымдастырылған семинарды ұстаз Гаджиев Мұхтар жүргізуде.

Семинар барысында қала молдаларына Құран, көркем уағыз, молдалардың әдебі төңірегінде сабақтар өтуде.

Қатысушыларға семинар соңында арнайы сертификат табысталатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы