Жұма, 01 Сәуір 2016   |   512 рет оқылды

РАНТ мүшесі Сыр елінде

Алла тағаланың жер бетіне жіберген ең сүйікті елшісі, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.): «Дін – насихат» деп айтып кеткен. Яғни, асыл дінімізді насихаттап, халықты жақсылыққа, имандылыққа шақыру да сауапты амалдардың бірі.

Бұл орайда, елімізде ақпараттық  - насихаттық шаралар тұрақты әрі көптеп ұйымдастырылып келеді.

Осы мақсатта Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының республикалық ақпараттық насихат топ мүшесі, «Нұр Астана» мешітінің найб имамы Қабылбек Жұмабеков іс-сапармен Сыр елінде болды.

Өзінің Сыр еліне жасаған сапарында Қ.Жұмабеков облыстың Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарында және орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде болып, мешіт жамағаттарымен арнайы кездесулерге қатысып, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Уағыз-насихат жұмыстары барысында РАНТ мүшесі дін мен дәстүрдің сабақтастығы, жат ағымдардан сақтану турасында мағыналы насихатын жеткізді.

Ұстаздың уағыз-насихатына қатысқан халық өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарына тұщымды жауаптар алып, еркін сұқбаттар құрды.

Өз кезегінде қатысушылар ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын да жеткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы