Бейсенбі, 07 Сәуір 2016   |   464 рет оқылды

Тапсырмалар нақтыланып, жоспарлар талқыланды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарына арналған жиналыс өтті.

Жиналысты орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді.

Қала және аудан имамдарына арналған жиналыс барысында есепті кезеңде атқарылған шаралар нақтыланып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Атап айтар болсақ, қайырымдылық шараларын күшейту, мешіт жанындағы сауат ашу курстарының жұмысын жандандыру, қоғамдық орындарда мешіт тарапынан тазалық жұмыстарын жүргізу секілді тапсырмаларды сапалы атқару тапсырылды.

Сонымен қатар, ең бастысы жаназадағы ысырапшылық мәселесіне имам-молдалардың жіті көңіл бөлуі, оған жол бермеу мәселесі кеңінен айтылды.

Қала және аудан имамдарының жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, ақпараттандыру жұмыстарына  мән беруі де сөз болды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы