Сәрсенбі, 13 Сәуір 2016   |   416 рет оқылды

Аудан тұрғындарына насихат жүргізілді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің тарапынан арнайы ақпараттық-насихаттық топ құрылып, жыл сайын аудан, ауылдарда насихаттық жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді.

«6 күнде 60 кездесу» өткізуді мақсат тұтқан топ құрамында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәріұлынан бастап, найб имамдар, қала мешіттерінің бас имамдары бар.

Ақпараттық-насихаттық топ 2-ге бөлініп облысқа қарасты барлық аудандарда, ауылдарда уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Осындай кезекті насихат жұмыстары Жаңақорған ауданынан бастау алды. Аудан орталығы мен ауданға қарасты ауылдарда негізінен жаназадағы ысырапшылық мәселесіне орай насихаттар айтылды.

«Дін-насихат» деген қағиданы ескерер болсақ, аталмыш уағыз-насихат жұмыстарынан ауыл халқы мол мағлұматтар алып, сұрақтарын қойды.

Бұл бағыттағы шаралар басқа аудандарда да жалғасын табатын болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы