Бейсенбі, 14 Сәуір 2016   |   257 рет оқылды

АНТ жұмысы жалғасуда

Осыған дейін хабарлағанымыздай ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан арнайы 2 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, облысқа қарасты аудан, ауылдық округтерді аралау жұмыстарын бастап кеткен болатын.

Кезекті кездесулер Шиелі, Жалағаш аудандарында өтті. Ақпараттық насихаттық топ құрамындағы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Б.Улжаев, қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Н.Керімбеков аудандағы бірнеше мекемелер мен оқу орындарында болды.

Ауданға қарасты ауылдық округтер мен орта арнаулы оқу орындарында болып, имандылық, дін мен дәстүр тұрғысында уағыз-насихаттарын жеткізді.

«Дін – насихат. Жақсылыққа шақыру және жамандық атаулыдан адам баласын тыю – парыз» екендігін мақсат тұтқан имамдар ауыл тұрғындарына келелі мәселелер мен жоспарларды жеткізе білді.

Шиелі ауданында насихат жүргізген өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы ауыл ақсақалдарымен жаназадағы ысырапшылық мәселесін талқылап, ой-пікірлерін тыңдады.

         

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы