Дүйсенбі, 18 Сәуір 2016   |   444 рет оқылды

«Дін және тарих тағылымы» танымдық шарасы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында имам-молдалар мен жалпы дін қызметкерлері үшін 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялағаны белгілі.

Тереңде жатқан тарихымызды ұлықтап, жастарды имандылыққа жетелеуде, тарихи тұлғаларды танып-білуде осы жыл аясында атқарылар шаралардың маңызы зор.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің тапсырмасына сәйкес, облысқа қарасты Жалағаш ауданында танымдық шара өтті.

Көне тарихқа жүгінсек, Сыр бойында Ислам діні сонау орта ғасырда, яғни ҮІІІ-ІХ ғасырлардан бастап ене бастады.

Ислам дінін таратуда көптеген тұлғаларымыз аянбай еңбек етті.

Солардың қатарында Сыр бойында Ислам дінін дамытуға Арыстанбаб, Әбдіжалил баб Қорасан ата, Қожа Ахмет Яссауи,  Мүсірәлі сопы әзиз, Марал ишан, Қалқай ишан, Құлболды ишан, Оқшы ата, Есабыз ата, Қалжан ахун, Тапал ахун секілді көптеген тарихи тұлғалар лайықты үлес қосты.

Танымдық шараның мақсаты – аталған тұлғалардың Ислам дінінің өркен жаюында қосқан үлесі мен оқытушы-ұстаздардың діни-ағартушылық қызметін тереңнен таныту болды.

Шараға орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Б.Улжаев  бастаған имамдар және аудан имамдары мен зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.

Шара өз деңгейінде ұйымдастырылып, қатысушылар алғыстарын жеткізді.         

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы