Бейсенбі, 21 Сәуір 2016   |   660 рет оқылды

Уағыз айтылмаған ауыл қалмасын

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Дін – насихат», – деген.

Қоғамдағы қай кезеңді  алып қарасақ та, мұсылман қоғамында дін насихатына көңіл бөлінбеген кез болмаған.

«Уағыз айтылмаған ауыл қалмасымен»ұранымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі  орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің жанын құралған жергілікті ақпараттық-насихаттық топ өз жұмысын жалғастыруда.

Уағыз-насихат жұмыстары қала, аудан орталығы, ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде өтуде.

Аталмыш шараларға тұрғындар, жастар, мектеп оқушылары, мекеме қызметкерлері толық қамтылуда деуге негіз бар.

Кездесулердің негізгі мақсаты – Ислам дінінің құндылықтарын жете түсіндіріп, жат ағымдардан сақтануға шақыру.

Осы бағыттағы бірнеше кездесулер облысымыздың Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарында өткізілді.

6 күнде 60 кездесуді ұйымдастырған имамдар халықтың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. 

                   

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы