Сәрсенбі, 01 Маусым 2016   |   495 рет оқылды

БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

 

Ислам дінінде балаларға мейірім таныту, махаббатын арнау - оның тәрбиесіне, бала тұлғасының қалыптасуына ықпал ететіндігі айтылады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті  жыл сайын 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға арнап арнайы іс-шара ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Биыл да өз кезегінде бүлдіршіндер үшін мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шара аясында мешіт ауласына балаларға арналған арнайы шағын ойын алаңдары құрылып, жәрмеңке ұйымдастырылып, балалар үшін дастархан жайылды.

Асыр салып ойын ойнап, тәттілер, балмұздақтар жеп мәз болған балалар сонымен қатар, өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би биледі.

Қатысушы балалар мен олардың ата-аналары мешіт ұжымына алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

        

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы