Бейсенбі, 02 Маусым 2016   |   256 рет оқылды

РАМАЗАН ҚАРСАҢЫНДАҒЫ БАСПАСӨЗ МАСЛИХАТЫ

«Мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы маусым айының 6 жұлдызында басталып, шілде айының 4-жұлдызында аяқталады».

Осы және басқа да Рамазан айына байланысты ақпараттар мен мәліметтермен тұрғындарды хабардар ету мақсатында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы баспасөз маслихатын өткізді.

 «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен баспасөз маслихатына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Талғат Омаров өз сөзінде:

«Бүгінде мешіт Қасиетті Рамазан айына толықтай дайын. Үлкен залдарға желдеткіштер қойылып, мешітке 18 диспенсер қойылды. Халық үшін тегін таратылуға ораза кестесі шығарылып, 1000 қорап құрма да әкелінді. Сондай-ақ, сәресі ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ал Тарауих намазы маусым айының бесінші жұлдызынан бастап, құптан намазынан кейін оқылады, үтір намазы ең соңынан жамағатпен оқылады. Пітір садақа құны – 200 теңге»- деді.

Сонымен қатар, Қасиетті айдың құрметі үшін 30 күн оразада 30 түрлі жақсылық жасауды жоспарлап, базарларда, сауда орталықтарында тауардың бағасын 10-30 пайызға дейін төмендету турасында насихат жұмыстары жүргізіледі. 30 күнде мешіттерде мүмкіндігінше ауызашар ұйымдастырып, 30 үйді аралап, қайырымдылық жасауды қолға алынып отыр.

        

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы