Сейсенбі, 07 Маусым 2016   |   395 рет оқылды

Рамазан айындағы қайырлы іс

Рамазан  - игілік, береке, кешірім, мейірім және қайырымдылық айы. Осы қасиетті айда күллі мұсылман қауымы ауыз бекітіп, сауапты істер жасауға асығумен қатар, қайырымдылық шараларын да молынан жасары сөзсіз.

Рамазан қайырымдылық айы болғандықтан бұл айда игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз сауапқа еселенетіні де белгілі. 

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жетім мен жесірге, жоқ-жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады. Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын созған кісі  Алла жолында жиһад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты»- деп айтылған.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тұрмысы төмен отбасыларға, әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрғындарға қайырымдылық жасап, көмек көрсетті.

Аталмыш қайырымдылық шаралары рамазан айында тұрақты түрде жалғасын таба бермек.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы