Сәрсенбі, 08 Маусым 2016   |   358 рет оқылды

Өкіл имам сұқбат берді

Қасиетті Рамазан айының келуіне орай ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы  жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы сұқбат берді.

Сұқбат барысында өкіл имам Т.Омаров ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айымен құттықтауын және қасиетті айға қатысты Үндеуін жеткізді.

Сонымен қатар, Рамазан айының ерекшелігі, ауыз бекіткен адамның ұстанар қағидалары, мұсылман парыздары жөнінде сөз қозғады.

Басқа да көпшілікті толғандыратын мәселелерге тоқталып, қасиетті айдағы сауапты істерден құр қалмауға шақырды. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі тарапынан алдағы атқарылар шаралармен таныстырып, бірге атсалысуға шақырды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» 

мешітінің баспасөз қызметі

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы