Бейсенбі, 09 Маусым 2016   |   488 рет оқылды

Рамазанның бір күні

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ә.с) хадисінде айтылады: «Сендерге Ораза айы келіп жетті, бұл айдың түні басқа айдың түнінен мың есе артық» - делінген. Рамазан айының қадір-қасиеті, ерекшелігі, сауапқа толы мейірім айы екені белгілі. Осы қасиетті айда жер-жерлерде түрлі шаралар қолға алынып, көпшілік сауапты істерді көбейтуге асығары да сөзсіз.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті Рамазан айында бірнеше шараларды ұйымдастырып, халық ризашылығын алуда.

Өңірдегі Рамазанның бір күні қайырымдылық шарасын ұйымдастыруымен бастау алса, күн тәртібіндегі «30 күнде 30 насихат» ұранымен кездесулер, дөңгелек үстелдер де жалғасын табуда.

Сонымен қатар, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан тұрғындарға ауызашарлар ұйымдастырылып, күнделікті тарауық намазына жиналған жамағат саны да артып келеді.

Орталық мешіттің жоспар бойынша бұл бағыттағы шаралары өз жалғасын таба бермек. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы