Жұма, 17 Маусым 2016   |   476 рет оқылды

Жарапазан айтылып, халыққа тегін құрма таратылды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жыл сайын қасиетті Рамазан айының құрметіне бірнеше танымдық шараларды ұйымдастырып келеді.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мен қалалық мешіт қызметкерлері халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындарға жарапазан айтып, тегін құрма таратып Рамазан айымен құттықтады.

Өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы бастаған топқа қарапайым халық ризашылығын білдіріп жатты.

Жарапазан айту арқылы қасиетті айдың қадірі асқақтап, осы айдың келуіне деген қуанышты сезіндірген шара көпшілік көңілінен шықты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы