Бейсенбі, 23 Маусым 2016   |   418 рет оқылды

Шәкірттер діни білім алуға құштар

Бүгінгі күні діни ілім алып, Ислам дініне қызмет етуге жаны құштар жастар саны артып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізуде мешіттердің де еңбегі орасан.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті осы бағытта шәкірттермен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге келген жастар аса қызығушылықпен білім алғысы келетіндіктерін, ықыластарын айқын байқатты. Жастарға өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы діни білім алудың маңыздылығы мен артықшылығын түсіндірді.

Шәкірттерге негізінен Нұр Мүбарак Ислам египет университеті, медреселер, қарилар дайындайтын медрселер туралы ақпарат беріліп, насихатталды.

         Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы