Сейсенбі, 28 Маусым 2016   |   578 рет оқылды

«Құран - мәңгі мұғжиза» атты облыстық Құран сайысы өтті

Рамазан айы Сыр елінде және бір игілікті шарамен жалғасын тапты. Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен Жаңақорған ауданында «Құран-мәңгі мұғжиза» атты облыстық мәнерлеп құран оқудан сайыс өтті.

Хадисте: “Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің” және “Кімде-кім Аллаһтың Кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол жақсылық он есе көбейеді” делінген. 

Осындай ниетте Құранды жатқа оқып, бар ынтасымен дайындалған жасөспірім балалардың талпынысы қуантты.

Сайысқа қатысқан 40-қа жуық үміткерлерді арнайы құрылған әділ қазылар алқасы сараптады. Олар орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы, аталмыш мешіттің ұстазы Гаджиев Мұхтар, қари Абдухолик және қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Керімбеков Нұржан Пірәліұлы.

Қасиетті Құранды жатқа оқып, мәнерлеп айтудан өткен сайысқа облыстың барлық аудандары мен қалалық мешіттерден жиналған шәкірттер қатысты.

Нәтижесінде Жаңақорған ауданының жас шәкірті Берік Асқарұлы І орынды иеленді.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.  

         Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікірлер  

 
0 # Акмарал 2017-06-28 04:06
Сəлеметсіздеме? Біз құран сайысы болатынын естімедік неге оны жария етпеске алдын ала аудан ауданға балдар қатысатын еді.Сайыс өткенін бүгін интернет арқылы біліп отырмыз.
Жауап жазу
 

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы