Жұма, 08 Шілде 2016   |   533 рет оқылды

"АЙТБАЙ" МЕШІТІНДЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ ЖҰМЫС ЖАСАДЫ

Аллаға шүкір, айлардың сұлтаны Рамазан айын аман-есен шығарып салып, қасиетті айдың жемісіне айналған Ораза айтты да атап өттік.

Айтпағымыз, сол оразаның алғашқы күнінен бері Қызылорда қаласындағы "Айтбай" мешітінің бас имамы Нұржан Керімбековтың бастамасымен таңертеңгі 10:00-ден кешкі 17:00 аралығына дейін "Сенім телефоны" жұмыс жасады. 

Ондағы басты мақсат - қала тұрғындарының қасиетті айға қатысты сауалдарын қабылдап, мазмұнды әрі дін тұрғысынан дұрыс ақпарат беру болатын.

"Айтбай" мешітінің наиб имамдары Н.Әбжанов, Қ.Отызбаев және мешіт азаншысы Б.Досов кезек бойынша күнделікті қала тұрғындары тарапынан қойлыған оразаға қатысты сұрақтарды қабылдап, шариғи тұрғыдан жауаптар беріп отырды.

 Сенім телефоны барысында қала тұрғындары оразаның шарттары, оразаны бұзатын мәселелер, сауапты амалдар, қадір түні, ораза айт намазы жөнінде сауалдар қойды. 

Мұнан өзге имамдарымыз мешітке келген халықтың да әртүрлі мәселедегі көкейтесті сауалдарын тыңдап, ақыл-кеңестерін айтып, шариғи тұрғыдан бағыт-байдар жасай білді.

Сан сауалдарына жауап алған тұрғындар алғыстарын жаудырып, мешіттің игі ісіне ризашылықтарын жеткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт – Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы