Сейсенбі, 26 Шілде 2016   |   448 рет оқылды

ЕКІНШІ ТОП САУАТ АШУ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанындағы сауат ашу курсының екінші тобы оқуын аяқтады.

Жазғы сауат ашу курсына қатысушылар имандылық, ата-ананы құрметтеу, діни сауаттылық тұрғысында уағыз-насихаттар тыңдаудан бөлек Құран оқу, діндегі сенім мәселелерін де меңгере білді.

Сауат ашу курсына қатысқан 60-қа жуық қыз балалар мен ер балалар оқудың аяқталуына орай арнайы сертификаттарға ие болды.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Гаджиев Мұхтар сауат ашу курсын аяқтаған шәкірттерден сынақ алып, сертификаттарын табыс етті.

 

         Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы