Сейсенбі, 26 Шілде 2016   |   642 рет оқылды

Әлеуметтік желі пайдаланушыларымен өткен кездесу

ҚМДБ-ның негізгі қызметтерінің бір бағыты – дәстүрлі емес діни ағымдармен күрес, оның алдын алу, жастарды, тұрғындарды ақпараттандыру болып саналады.

Осы орайда, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Б.Улжаев, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы М.Үркімбаев, дінтанушы Б.Оспанов қаламыздағы әлеуметтік желі пайдаланушы жастармен және әлеуметтік желілердегі топ әкімшілерімен кездесті.

Кездесу барысында жастарға діни мағлұматтарды, Ислам діні туралы ақпараттарды интернет сайттардан алу, уағыз тыңдаудың қауіптілігі турасында насихаттар айтылды.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мәжіліс залында өткен маңызды кездесуде жастар ойларындағы сауалдарына мамандардан тұщымды жауаптар ала білді.

«ВК» әлеуметтік желісін белсенді пайдаланушы жастар  мен тіркелушілер мешіт имамдарымен бірлесе жұмыс жасап, тек сала мамандарына ғана сүйенетіндігін тілге тиек етті.

Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.

        

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

         

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы