Дүйсенбі, 22 Тамыз 2016   |   616 рет оқылды

«Бір баланы киіндір» қайырымдылық акциясы өтті

 

   Ислам дінінде мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету, оларға қолдан келгенше көмек қолын созу сауапты істердің бірі болып саналатыны белгілі.

   Бұл бағытта облыс мешіттері қайырымдылық шараларын жүйелі өткізіп, жабырқағанның жанынан табылып, қайырымды істерді барынша көбейтуде.

   Биылғы жылы да жаңа оқу жылының қарсаңында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті «Бір баланы киіндір» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

   Акция өмірден өткен ата-бабалар рухына Құран бағыштаудан бастау алып, облыстағы құқық қорғау органдарының демеушілігімен барлығы 120 балаға көмек көрсетілді.

   Атап айтар болсақ, оларға мектепке қажетті арнайы сөмкесі берілсе, оның іші қажетті дәптер, қалам, түрлі-түсті қағаздар, қаламсап секілді қажетті құралдармен толықтырылды.

   Акция барысында сөз алған орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Б.Улжаев исламдағы қайырымдылық пен білім алудың маңыздылығы төңірегінде насихатын жеткізді.

   Сонымен қатар, аталмыш акцияға қалалық «Айтбай» мешіті де атсалысып, өз тарапынан үлесін қосты. «Айтбай» мешіті тарапынан да мұқтаж жандар шақырылып, мешіт тарапынан бүлдіршіндерге көмек көрсетілді.

   Акция соңында балалар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.           

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы