Бейсенбі, 01 Қыркүйек 2016   |   373 рет оқылды

Қала және аудан имамдары Құрбан айтқа дайындықты пысықтады

Қыркүйек айының 12-не барша мұсылмандардың Ұлық мерекесі болған Құрбан айт мейрамы келеді. Қазақ халқы аталмыш мерекені ерекше ықыласпен күтіп, құлшылығын жасап, құрбан шалуға асығатыны белгілі.

Осы бағыттағы шараларды атқаруда мешіттердің, мешіт имам-молдаларының қосар үлесі де зор.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты қала және аудан имамдарының жиыны өтті.

Жиында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы Құрбан айт мерекесінде қайырымдылық шараларын күшейту, мал союдың ережелерінің сақталуы, қасапшыларға арнайы түсіндірме жұмыстарының жүргізілуі, мешіттердің дайын болуы секілді тапсырмаларды жүктеп,  жауапкершілікпен қарауды тасырды.

Одан бөлек бұқаралық ақпарат құралдарында  Құрбан шалудың ерекшелігі мен талаптары турасында ақпараттық насихаттық мақалалардың жарық көруін, мешіттерде арнайы ақпараттық тақталардың ілінуін тапсырды.

Өз кезегінде қала және аудан имамдарының есепті кезеңдегі дайындығы тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.

                                               Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы