Дүйсенбі, 05 Қыркүйек 2016   |   603 рет оқылды

Құрбан айт қарсаңында қасапшыларға семинар ұйымдастырылды

Қыркүйек айының 12-не күллі мұсылман  қауымының қасиетті мерекесі Құрбан айт басталады. Аталмыш мерекеде Алла Тағаланың әмірін орындап,  құрбан шалатындар қатарының артары да анық.

Құрбан шалудың маңыздылығы, шарттарының толық орындалуы үлкен мән беретін мәселе екені белгілі.

Осы орайда, ҚМДБ – ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен қаладағы қасапшыларға арналған арнайы семинар ұйымдастырылды.

Семинарды ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді.

Құрбандық шалынатын орындарда қызмет көрсететін қасапшыларға малдың шариғат үкіміне сай сойылуы,талап-шарттардың сақталуы жан-жақты түсіндірілді. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ресми сайты
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Avant Systems компаниясы